Жаңалықтар Қоғам

Қазақстан Президенті бірқатар заңдарға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды. Олардың мәтіні баспасөзде жарияланады, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Заң халықаралық іскерлік операциялар мен халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде трансферттік баға белгілеуді жетілдіруге бағытталған.

Заңда нарықтық бағаны айқындау тетіктері қайта қаралды, тауар биржаларында трансферттік баға белгілеу бойынша бақылау енгізілді, мәмілеге қатысушыларды өзара байланысты деп тану критерийлері кеңейтілді, сондай-ақ жергілікті есептілікті ұсыну бойынша өзара байланысты емес тұлғалармен мәмілелерге қатысушылардың міндеті енгізілді.

Қабылданған түзетулердің мақсаты әділ нарықтық бағаны айқындау және мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің ысырабын болдырмау, трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша бақылау жүргізу кезінде тексеруші органдар мен салық төлеушілердің әкімшілік шығындарын төмендету болып табылады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Халықаралық су ағындарын пайдаланудың кеме жүрмейтін түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңға қол қойды.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Наурыз көже, жәрмеңке және көптеген сыйлықтар: Астанада көктемгі мереке кеңінен аталып өтілуде

Қырғызстандағы тау-кен өндіруші шаруашылықтар неге қазақстандық электр энергиясын пайдаланады: Энергетика министрлігінен жауап

admin

Ақтөбе облысында 4 жасар бала еріген суға батып кетті

Пікір қалдырыңыз