5.3 C
Shymkent
24 февраля, 2026
Жаңалықтар Қоғам Шымкент

«ҚазМұнайГаз» қазақстандық МӨЗ-дерді жекешелендіру туралы ақпаратты жоққа шығарды

«ҚазМұнайГаз» ҰК «АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев екі қазақстандық мұнай өңдеу зауытын жекешелендіру жоспарланып отырғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

«Бүгін әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-тарда Атырау мен Павлодар мұнай-химия зауыттарын жекешелендіру жоспарланып отыр деген ақпарат тарады. Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдегім келеді. Мұндай түрдегі келіссөздер жүргізілген жоқ. ҚМГ МӨЗ-дегі барлық өндірістік процестер штаттық режимде жүріп жатыр «, — деп хабарлады ол ҚМГ telegram-арнасында.

Естеріңізге сала кетейік, кейбір БАҚ алдағы екі жылда екі мұнай өңдеу зауытын жекешелендіру туралы шешім Қазақстан президентінің «Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы» Жарлығының жобасында көрсетілген, ол қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда келісу рәсімінен өтіп жатыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КЕҢ КӨЛЕМДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ

admin

ШҚО-да балаларға арналған қауіпті орындар картасы пайда болды

«Біз кетпейміз» Байденнің Путинге қарапайым хабары бар

Пікір қалдырыңыз