38.3 C
Shymkent
3 июля, 2025
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖАҚСАРА ТҮСТІ

Түркістан облысының биылғы қаңтар-ақпан айларының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері келесідей қалыптасты. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 192,5 млрд. теңгеге жетіп, өсім өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,9% құрады (ҚР – 104,6%, 12 орын).

Өңдеу өнеркәсібінде 80,5 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,6%-ды құрады. Ауыл шаруашылығында 82,6 млрд. теңгеге өнім жиналып, өсім 102,9% деңгейінде болды. Мал шаруашылығы – 68,5 млрд. теңге, егін шаруашылығы – 13,1 млрд. теңге.

Облыс экономикасына жалпы 75,1 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өсім 153,8%-ды құрады (ҚР – 107,9% ). Оның ішінде жеке инвестиция көлемі 59,7 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге өсті.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 16,2 млрд. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыранда 100,8%-ды құрады (ҚР – 112,7%). Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 85,9 мың шаршы метрге жетіп, өсім 108,9% болды.

AdiletTV Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматы облысында бала ешкі сүтін өндіретін фермадағы резервуарда суға кетті

Атырау облысы білім басқармасының басшысы қызметке тағайындалғанына жеті айдан кейін қызметінен кетті

Қытай АҚШ конгресінің ультиматумына жауап ретінде TikTok-ты сатудан бас тартты — БАҚ