5.3 C
Shymkent
23 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам

«Үйден шыға алмай отырмыз». Ақтөбе облысында үйлер суға кетіп жатыр

Көктемгі су тасқыны Ақтөбе облысы Байғанин ауданының тұрғындарын әбігерге салып жатыр. Тасқын су тұрғындардың үйлеріне кіріп, тұрғындар көшеде су кешіп жүр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарауылкелді ауылының тұрғындары үйден шыға алмай отырғандарын айтады. Себебі ауыл ішіне кірген еріген қар суы үйдің ішіне дейін кірген. Тұрғындар көшеде су кешіп жүр.

«Жылда осы жағдай қайталанады. Былтыр да үйімізді су басқан. Биыл да міне, әбігерге түсіп отырмыз. Мен сыртқа шыға алмай отырмын. Су етіктен асып кетіп тұр. Үйдің ішіне кіріп жатыр. Қора, сарайдың бәріне су кірді. Сарайдың бір шеті құлады. Көршілеріміздің де жағдайы осындай», — дейді Барақ батыр көшесінің тұрғыны Гүлмира.

«Республикалық «Ақтөбе-Астрахан» тас жолының су өткізгіш құбырлары арқылы аудан орталығына дала суы кіріп, бірнеше көшеге жайылды. Шамамен төрт-бес көшені су басып, үйлердің аулаларына су келді. Аудан әкімдігі жанындағы штаб шұғыл әрекет етіп, қауіптің негізгі дені сейілді. Судың деңгейі қайтты», — деді аудан әкімі.

Бөлісу

Related posts

Жамбыл облысында көп жылдық алдаудың керемет тарихы ашылды

admin

Қазақстан бойынша 58 миллион тонна радиоактивті қалдықтар шашылды — депутат

Астанада насвай өндіретін цех рейдтер кезінде табылды

admin

Leave a Comment