Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖАҚСАРА ТҮСТІ

Түркістан облысының биылғы қаңтар-ақпан айларының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері келесідей қалыптасты. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 192,5 млрд. теңгеге жетіп, өсім өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,9% құрады (ҚР – 104,6%, 12 орын). Өңдеу өнеркәсібінде 80,5 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,6%-ды құрады. Ауыл шаруашылығында 82,6 млрд. теңгеге өнім жиналып, өсім 102,9% деңгейінде болды. Мал шаруашылығы – 68,5 млрд. теңге, егін шаруашылығы – 13,1 млрд. теңге. Облыс экономикасына жалпы 75,1 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өсім 153,8%-ды құрады (ҚР – 107,9% ). Оның ішінде жеке инвестиция көлемі 59,7 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 16,2 млрд. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыранда 100,8%-ды құрады (ҚР – 112,7%). Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 85,9 мың шаршы метрге жетіп, өсім 108,9% болды. Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды  
 
 
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ

Президент Тоқаев Ішкі істер министрлігі басшысына тапсырма берді

Ақтөбедегі мектеп бухгалтері 413 миллион теңгені қалай ұрлағаны белгілі болды

Пікір қалдырыңыз