1.3 C
Shymkent
25 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам

Алтай Көлгінов жаңа лауазымға ие болды

Астана қаласының бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов жаңа лауазымға ие болды, AdiletTV тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Президент басқа Жарлықпен Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Нұрлан Сейтімовті қызметінен босатқан болатын.

Алтай Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және Абердин Британ университетін «Болашақ» Президенттік халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. Еңбек жолын 2001 жылы прокуратурада ҚСжА О (Д) кадр жұмысы бөлімінде міндетін атқарушы бас маман болып бастады.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде, Мемлекеттік қызмет агенттігінде және Бас прокуратурасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2008 жылдан 2010 жылға дейін жеке секторда жұмыс істеді. 2010 жылдан 2012 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2013 жылдан Орал қаласының, 2016 жылдан Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.

2019 жылдың 13 маусымы мен 2022 жылдың 8 желтоқсаны аралығында Астана әкімі қызметін атқарды.

2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың маусымына дейін премьер-министрдің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

Бөлісу

Related posts

Ұшақтар тастаған жәрдем жәшіктері Газада көмек күткен палестиналықтарды өлтірді

admin

Ұлыбритания Қытайға санкция енгізбек

admin

Қазақстанда инфляция не болып жатыр