1.3 C
Shymkent
25 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ

Бүгін Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова Түркия республикасынан келген STF компаниясы өкілдерімен кездесті. Аталған компания ауыл шаруашылығы саласында ағын суды үнемдеуге арналған қондырғыларды өндіруде көшбасшы компаниялардың бірі саналады. Шаһар басшысы шетелдік инвесторларға Арыс қаласында өндіріс саласы өркен жайып келе жатқандығын, инвесторларға қолайлы климат қалыптастыру бойынша жан-жақты жұмыстар атқарылып жатқандығын айтып өтті. Кездесу барысында қалада орналасқан ірі кәсіпорын «MEGA-AGAT» басшысы Әлішер Рүстембек пен түркиялық «STF» компаниясының өкілі Диш Ахмет арасында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы талқыланды. Оның ішінде жаңбырлатып (сплинкерлік жүйе) және тамшылатып суару жүйесін шығаратын компания өнімдерін осы Арыс қаласында өндіру жайы сөз болды. Бұл екі компанияға да тиімді болмақ. Арыстық кәсіпорын суды үнемдеуге арналған қондырғыларға қажетті жабдықтар мен оған қажетті шикізатты өздері өндіреді. Сол арқылы қаламызда жаңа жұмыс орындары да пайда болмақ, әрі жергілікті диханшыларға ешқандай делдалсыз ауыл шарушылығына аса қажетті технологияға қол жеткізу оңайға түспек. Шетелдік компания өкілдері Арыс қаласының логистикалық әлеуетін жоғары бағалайтындығын, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендігін атап өтті. Бүгінгі таңда, Арыс қаласында орналасқан «Qazaq Аgro Аstyk» ЖШС-гі Түрік компаниясымен бірлескен жоба бастап қойған. Яғни, 80 гектар жерге егін еккен қожалық, суды үнемдеу мақсатында аталған компаниядан жаңбырлатып суаруға арналған технологиясын пайдаланбақ. Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды
 
 
 
Бөлісу

Related posts

«Мен әлі де әсер алдым». Тоқаев Сауд Арабиясының Энергетика министрімен сөйлесті

admin

Алматыда жерден қайнаған су шықты

admin

Алматыда жауын-шашынның салдарынан жолдардың опырылуы орын алды

Leave a Comment