-0.7 C
Shymkent
25 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

КЕНТАУДА ЖАҢА ГАЗ ТУРБИНАЛЫ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Кентау қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жаңа газ турбиналар электр станциясын салу көзделуде. Жобаның облыс үшін маңызы орасан. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды инвесторлармен бірге маңызды мәселені талқылады. Жобаның экономикалық және әлеуметтік маңыздылығын ескеріп, облыс әкімдігі жобаны іске асыруға толықтай қолдау білдіреді. Потенциалды инвестор тарапынан қуаттылығы 240 МВт, жылу қуаттылығы 160 ГКал/сағ өндіретін станция салу ұсынылуда. Инвестиция көлемі 140 млрд.теңгені құрайды. Ауқымды жобаны алдағы үш жылда іске асыру жоспарланған. Кездесуге қатысқан потенциалды инвестор «Қазақстандық коммуналдық желілер» ЖШС-ң басшылығы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылатын жаңа жобаға қатысты өз ойларын ортаға салды. Кентаудағы №5 жылу энергия орталығы осыдан тура 90 жыл бұрын салынған. Мұндағы негізгі материалдық жабдықтардың 85 пайызы тозған. Қазіргі кезде аталған жылу энерго орталығының қызметін 14 мың абонент тұтынып отыр. Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды  
 
 
 
 
Бөлісу

Related posts

Полиция мен сот орындаушы: Түркістан облысында 6 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды

admin

«Меркур Таун» ТК күзетшісін өлтіруге күдікті бұрынғы депутаттың ұлы болып шықты — БАҚ

admin

Атырауда жолаушы жол ақысын талап еткен автобус жүргізушісін соққыға жыққан.

Leave a Comment