Қасиетті айда «Cotton мақта» ЖШС-нің директоры, аудандағы «Тәжік» этномәдени бірлестігінің мүшесі Абдухашим Боев пәтер жалдап жүрген көпбалалы 2 отбасына баспана сыйлады. Сонымен қатар Мақтаарал және Жетісай аудандарында тұратын жағдайы төмен 200 отбасына азық-түлік қоржындарын үлестірді.
Тұрғын үй кілтін табыстау рәсіміне қатысқан аудан әкімінің орынбасары Н.Саттаров жергілікті кәсіпкерлер үнемі игі істердің қасында табылатынын айтып, алғысын жеткізді.
Кәсіпкер 2 тұрғын үйді сатып алу үшін 26 миллион теңге қаржы жұмсаған. Үйлердің аумағы 15-20 сотық. Тұрғын үйлер мұқтаж отбасылардың тұрғылықты жеріне қарай алынған. Олардың бірі – Мақтаарал ауылдық округі, Елқоныс ауылында орналасса, екіншісі – Еңбекші ауылдық округі, Т.Жайлыбаев елді мекенінде орналасқан.
Баспаналы болған көпбалалы аналар қуанышын жасыра алмай, меценатқа шынайы алғысын білдірді.
Айта кетейік, мұқтаж отбасылардың тізімін кенттер мен ауылдық округ әкімдіктері, елді мекендердегі ауыл ақсақалдары жасақтаған. Мақтаарал ауданынан бөлек, Жетісай ауданының әлеуметтік жағдайы төмен отбасылары да азық-түлікпен қамтамасыз етілді.
Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚ МЕЦЕНАТ 2 ОТБАСЫНА БАСПАНА СЫЙЛАП, 200 ОТБАСЫНА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТТЫ
Рамазан – қайырымдылық айы. Бұл айда Мақтаарал ауданының тұрғындары, кәсіпкерлері мен меценаттары қайырымдылық іс-шараларына белсенді қатысуда.