-0.7 C
Shymkent
19 января, 2025
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕСКЕКШІЛЕРІ 34 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Өзбекстанның Ташмор қаласында байдарка мен каноэде есуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Айтулы сында Түркістан облысының ескекшілері 34 медаль жеңіп алды. Нақтырақ айтсақ, 8 алтын, 8 күміс және 18 қола медаль еншіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облысының су спорты түрлері мектебінің директоры Денис Жәрменов арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Спортшылардың жетістігін жоғары бағалаған ол Париж Олимпиадасының жолдамаларын көбірек алу және жүлдеге қол жеткізу маңызды екенін жеткізді.

Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары 18-21 сәуір аралығында Токиода өтетін лицензиялық турнирге қатысады.

Атап айтсақ, байдаркашылар – Раматулла Бекарыс, Шмелева Ольга және каноэде есуден Туребеков Полат Азияның лицензиялық чемпионатына іріктеуден өтті. Оларға қаржылай сыйақы тапсырылды.

AdiletTV Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

 

 

 

 

Бөлісу

Related posts

Швеция НАТО-ға ресми түрде қосылды

admin

Қазақстан бойынша 58 миллион тонна радиоактивті қалдықтар шашылды — депутат

admin

Солтүстік Қазақстанда антикор депутатты ұстады