-7.7 C
Shymkent
12 декабря, 2024
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ҚАЛА ӘКІМІ СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АЙМАҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

Бүгін тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан қаладағы Абдулабад, Елтай елді мекендеріндегі бірнеше көшені су басты. Жаңбыр суын сору жұмыстарын үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылды. Құрамында әкімдік, коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бар. Бұл бағыттағы жұмыстарға төтеншеліктер мен әкімдіктің 100-ден астам қызметкері және 20 техника мен 10 мотопомпа жұмылдырылды.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков шұғыл түрде аталған елдімекендерде атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексеріп, жауаптыларға халықтың қолайсыздығын қамтамасыз етуде нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл жағдай қала әкімінің тұрақты бақылауында.\

AdiletTV Ішкі Саясат Басқармасы Шымкент сілтемесімен хабарлайды

Бөлісу

Related posts

ҚАЗАҚСТАНДА АВТОГАЗ БАҒАСЫ ТАҒЫ КӨТЕРІЛЕ МЕ?

Мектеп оқушыларына сабақта смартфон пайдалануға тыйым салынады: заңға қол қойылды

admin

Алматыда жауын-шашынның салдарынан жолдардың опырылуы орын алды