21.3 C
Shymkent
14 октября, 2025
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

КЕНТАУДА ЖАҢА ГАЗ ТУРБИНАЛЫ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Кентау қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жаңа газ турбиналар электр станциясын салу көзделуде. Жобаның облыс үшін маңызы орасан. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды инвесторлармен бірге маңызды мәселені талқылады. Жобаның экономикалық және әлеуметтік маңыздылығын ескеріп, облыс әкімдігі жобаны іске асыруға толықтай қолдау білдіреді.

Потенциалды инвестор тарапынан қуаттылығы 240 МВт, жылу қуаттылығы 160 ГКал/сағ өндіретін станция салу ұсынылуда. Инвестиция көлемі 140 млрд.теңгені құрайды. Ауқымды жобаны алдағы үш жылда іске асыру жоспарланған.

Кездесуге қатысқан потенциалды инвестор «Қазақстандық коммуналдық желілер» ЖШС-ң басшылығы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылатын жаңа жобаға қатысты өз ойларын ортаға салды.

Кентаудағы №5 жылу энергия орталығы осыдан тура 90 жыл бұрын салынған. Мұндағы негізгі материалдық жабдықтардың 85 пайызы тозған. Қазіргі кезде аталған жылу энерго орталығының қызметін 14 мың абонент тұтынып отыр.

AdiletTV Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қатты қар жауып, боран соғады: Қазақстанда бүгін, 15 наурызда ауа райы

admin

Осыдан 6 жыл бұрын жоғалып кеткен Астана тұрғыны аман-есен табылды

admin

Алматы маңындағы көлде бөгет жарылып кеткеннен кейін жалаң қолмен балық аулайды

admin