Қоғам

Президент Тоқаев Қытайға барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қытайға барады, AdiletTV тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

28-29 наурызда Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қытайға барып, Боао азиялық форумының сессиясына қатысады.

«Сапар бағдарламасында Қазақстан Президентінің ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдар мен ірі қытай компанияларының басшыларымен бірқатар кездесулері қарастырылған», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Президент Тоқаев Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАА) коммунистік партиясы комитеті хатшысының орынбасары, ШҰАА халық үкіметінің төрағасы Еркін Туниязды қабылдады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Үйден шыға алмай отырмыз». Ақтөбе облысында үйлер суға кетіп жатыр

admin

Бір ай бұрын суға кеткен қазақстандықтың денесін балықшылар тапты

Тоқаев Әзірбайжанға сапары алдында сұхбат берді