25.3 C
Shymkent
11 апреля, 2025
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАСАНДЫ КӨЛДІҢ МАҢЫНДА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

Түркістан қаласында жасанды көл салынып жатыр. Бүгінде Түркі әлемінің туристік астанасында демалыс орындарының саны артып келеді. Соның бірі – «Жаңа қала» аумағындағы жасанды көлі бар дендросаябақтың құрылыс қарқыны жоғары. Дәлірек айтсақ, бүгінде облыс басшылығы тарапынан айтылған ескертпелер мен кемшіліктерді жою және көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Жобалаушы мекеме – «МПК Проект» ЖШС. Жалпы жер ауданы 12,7 гектарды құрайтын жасанды көлдің мердігері – «Павлодарский речной порт» ЖШС. Жаңадан салынып жатқан су айдынының сыйымдылығы 0,06 млн.м3.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жасанды көл маңында ағаш отырғызып, көгалдандыру шарасына қолдау білдірді. Мердігерге жұмыстарды сапалы әрі өз уақытында аяқтауды тапсырды.

Жасанды көлі бар саябақ Түркістандағы тартымды демалыс орындарының біріне айналмақ. 2021 жылы құрылыс басталған жасанды көлді биылғы мамыр айында аяқтап, қолданысқа енгізу жоспарлануда. Құрылыс алаңына 20-ға жуық адам мен 2 техника жұмылдырылған.

AdiletTV Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Бөлісу

Related posts

Түркістан облысында бірнеше мешітке ұрлыққа түсті деген күдікпен жігіт ұсталды

admin

Астанада автобус бағыттары қозғалыс сызбасын өзгертті

Вейптің салдары. Астанада тыныс алу органдарының 450 мың ауруы тіркелді

admin