31.3 C
Shymkent
Шілде 16, 2024
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ӨЗ АУЫЛЫН КӨГАЛДАНДЫРУҒА ЕРЕКШЕ ҮЛЕС ҚОСТЫ

Түлкібас ауданы, Ақбиік ауылдық округіне қарасты Құлан ауылының тұрғындары өзара ұйымдасып, ауылдың кіреберіс тұсына жеміс бағын егуді қолға алды. Бұл жерде ауылдың әрі үйі шамамен 5-10 көшеттен шығарып, жалпы 900 түп алма, сары және қара өрік, алмұрт ағаштарының көшетін отырғызды.

Ауыл жанашырларының бастамасына округ әкімдігі қолдау көрсетіп, арнайы жер қарастырып беріп, қазіргі таңда су келетін арық-атыздарын реттеуде. Жеміс ағаштары толық жетілгенше округ әкімдігі тарапынан баққа қарауыл мен суғарып тұратын жұмысшы қарастырылмақ.

Игі шараға аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов бастаған көгалдандыру жұмыстарына жауапты бөлім басшылары мен округтен сайланған депутат қатысты. Олар өздерінің алып келген көшеттерін отырғызып, ел құптарлықтай іске мұрындық болған ауыл тұрғындарына алғысын білдірді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда аудан аумағында жалпы 26 мың көктемгі ағаш көшеттері отырғызылды. Ал Ақбиік ауылдық округінің өзіне 1200 көшет егіліп отыр.

AdiletTV Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА ОН МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

admin

Қазақстандағы ауқымды операция: 3 тонна прекурсорлардың шектеулі айналымы

admin

Билікті басып алуға ықпал етті деген айыппен сотқа жеті қазақстандық келді

admin