20.3 C
Shymkent
17 сентября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАНДА БЕЛАРУСЬ МАМАНДАРЫ ОТА ЖАСАДЫ

Түркістан облыстық балалар ауруханасының кардиохиругтері Беларусь мемлекетінен келген мамандармен бірлесіп, жүрек ахауының күрделі түрімен ауыратын балаларға ота жасауда. Дәрігерлер жаңа әдісті қолдана отырып, 6 балаға операцияны сәтті жасап шықты.

Шет елдік мамандардың қатысуымен өткізіліп жатқан шеберлік сыныбы 26-30 наурыз аралығында облыстық балалар ауруханасының базасында өтуде. Игі шараны «MUMKINDIK» жобасы аясында «BI Group-JULDIZAI» корпоративтік қайырымдылық қорының ұйымдастырған. Беларусь мемлекетіндегі республикалық балалар хирургиясы ғылыми-практикалық орталығындағы Балалар кардиохирургиясы бөлімінің басшысы Линник Юрий, анестезиолог-реаниматолог Назарова Виктория, анестезиолог- реаниматолог

Князев Кириллден құралған балалар кардиохирургиялық бригадасының қатысуымен балалар ауруханасында тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді. Шеберлік сыныбы аясында апта басынан бері жүрек ахауына шалдыққан балаларға күрделі оталар жасалды. Операциядан кейінгі кезеңде анестезия және пациенттерді басқару ерекшеліктері бойынша жергілікті дәрігерлер тәжірибе жинақтап, жасанды қан айналымын және эхокардиография жүргізу бойынша кәсіби біліктіліктерін шыңдады.

Айта кетейік, Облыстық балалар ауруханасы елімізде кардиохирургия қызметі бойынша медициналық қызмет көрсететін жетекші орталық. Ауруханада 18 төсектік балалар кардиохирургиялық бөлімшесі жұмыс істеп, жүрек ахауына шалдыққан балаларға жоғары мамандандырылыған медициналық көмек көрсетіледі. 2014 жылдан бері өңірде балалар кардиохирургиясы ашылған сәттен бастап ауруханада 2864-тен астам ота жасалды.

AdiletTV Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Тоқаев Головкинді Ақордада қабылдады

Ұшақ құрастыру кезіндегі ақаулар туралы хабарлаған бұрынғы Boeing инженері өлі табылды

admin

Пойыз Ақтөбе облысында қарда қалып қойды

admin