6.3 C
Shymkent
29 декабря, 2025
Қоғам

18 жыл іздеді: Таразда шетелдік ұсталды

Таразда 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды, AdiletTV тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

Шетелдік адам Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен. Оны жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысы ЖП экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады.

«Ер адамға көрші мемлекеттің аумағында қасақана кісі өлтіргені үшін 2006 жылы мемлекетаралық іздеу жарияланғаны анықталды. Шетелдікке қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Өзбекстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде «, — делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ай сайын 1 бала: Маңғыстауда қатерлі ісікке шалдыққан балалар көбейіп бара жатыр

admin

Тоқаев Қазақстан — Грекия матчын түнде тамашалайды

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КРИМИНОГЕНДІК ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

admin