-1.7 C
Shymkent
20 января, 2025
Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев Қазақстан мен Литва арасындағы келісімге енген өзгертулерді ратификациялады

Мемлекет басшысы «1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңға қол қойды, AdiletTV тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

Бұған дейін тиісті заңды сенаторлар ратификациялады. Шарт екі ел арасындағы құқықтық қатынастар, азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша өзара түсіністік пен егемендікті құрметтеу негізінде құқықтық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Құжат тараптардың әрқайсысының жеке және заңды тұлғаларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бөлісу

Related posts

Су тасқыны кезінде қандай сақтық шараларын жасау керек?

admin

Абай ауданында жер сілкінісі болды: облыстағы құрылымдар тексерілді

Тоқаевқа Сатыбалдыұлы ісінің жаңа мәліметтері айтылды