Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Түркістандық оқушылар Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысты. Жалпы сайыс 9-11 сынып оқушыларына арналған. Білім додасында Түркістан облысының 4 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтсақ, Шардара ауданындағы М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Ернұр Қыдыр ІІ орынға, Түркістан қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Азамат Тастыбай ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, Кентау қалалық мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Севдияр Сабиров ІІІ орынды және «Білім-инновация» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Арнұр Айдарбек ІІІ орынды иеленді.

AdiletTV Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Өскеменде екі кафенің жанынан ер адамның денесі табылды

admin

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚ МЕЦЕНАТ 2 ОТБАСЫНА БАСПАНА СЫЙЛАП, 200 ОТБАСЫНА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТТЫ

admin

«ҚазМұнайГаз» қазақстандық МӨЗ-дерді жекешелендіру туралы ақпаратты жоққа шығарды