1.3 C
Shymkent
13 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА АРНАЙЫ ЖҰМЫСШЫ ТОП ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАРДЫ ТҮСІНДІРДІ

Бүгін Ордабасы ауданында облыста құрылған агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік қолдауларды насихаттау және кеңінен түсіндіру жөніндегі жұмысшы тобы ордабасылық шаруаларымен кездесті. Жиынға шаруалардан бөлек ауыл округтерінің әкімдері, тиісті бөлімдердің мамандары, жанармай таратушы операторлар да қатысты.

Топ құрамында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов (топ жетекшісі), «Қазсушар», «Тұран су» мекемелерінің, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның, «Ырыс» МҚҰ ЖШС-ның өкілдері болды. Жиынды аудан әкімі Азат Оралбаев жүргізіп отырды.

Топ мүшелері су үнемдеу технологиясын пайдаланушыларға мемлекет тарапынан берілетін субсидияларға жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар тұқымды, минералды тыңайтқыштың, пестицидтер мен биогенттердің, су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау мәселелерінің кезеңдері туралы ақпарат берілді. Одан бөлек «Ауыл аманаты» бойынша берілетін 2,5% жеңілдетілген несиені алудың жолдары түсіндірілді. Басқосудың екінші бөлімі сұрақ-жауап форматында өтіп, топ жетекшісіне, мүшелеріне өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойған шаруаларға нақты жауаптар берілді. Содан соң топ өкілдері азаматтарды жеке қабылдады.

AdiletTV Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Бөлісу

Related posts

Ақтау командирі жаңадан шақырылғандарды табуреткамен және басынан таяқпен ұрды: оны кешірді

ҰЛТТЫҚ КИІМ: ЖЕРГІЛІКТІ ДИЗАЙНЕРЛЕР ТОПТАМАЛАРЫН ҰСЫНДЫ

admin

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ТҮРКІСТАНДА ТОЙЛАДЫ