21.1 C
Shymkent
18 мая, 2025
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Алматы облысында экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өзбекстанның құқық қорғау органдары ұзақ уақыт бойы іздеуде жүрген 42 жастағы шетелдікті ұстады. Бұл туралы аймақ полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов хабарлады, AdiletTV тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

Ер адам 28 наурызда «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында ұсталды.

Ұсталған адамды конституциялық құрылысқа қол сұғушылық және шекараны заңсыз кесіп өткені үшін жазалауды көздейтін қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша Қарақалпақстан Республикасы ІІМ-нің Нукус қалалық ІІБ қызметкерлері мемлекетаралық іздестіру жариялағаны анықталды.

Ұсталған адам қамауға алынды, іздестіру іс-шараларының бастамашысына тиісті хабарлама жіберілді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Тоқаев Путинмен сөйлесті

Бүкіл әлемде баспана арзандап барады. 2008 жылғы дағдарыстың басы сияқты ма?

Қазақстанда бірінші сыныпқа қабылдау емтихандарына тыйым салынады