16.3 C
Shymkent
20 сентября, 2024
Шымкент

Мопед, скутер жүргізушілеріне ҚАТАҢ ТИЫМ САЛЫНАДЫ:

1) ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүргізуіне; 2) жолаушыларды тасымалдауға арналған арнаулы бейімдемелері бар велосипедтермен және мопедтермен тасымалдаудан басқа, жолаушыларды тасымалдауына; 3) тасымалдауға арналған арнаулы бейімдемелері бар велосипедтермен және мопедтермен жүкті, сондай-ақ габаритінен ұзындығы немесе ені елу сантиметрден артық шығып тұрмайтын жүкті тасымалдаудан басқа, жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауына; 4) трамвай жүретін жолдарда және осы бағытта жүруге арналған біреуден астам жолағы бар жолдарда солға бұрылуына немесе кері бұрылуына; 5) мопедпен және велосипедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, мопедтерді, электр самокаттарды және велосипедтерді, сондай-ақ мопедтермен, электр самокаттармен және велосипедтермен сүйретуіне; 6) көлік құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуіне; 7) жол жүрісі қағидаларында айқындалған талаптарға сәйкес келетін, басқа көлік құралын жүргізушілерге көрінуді қамтамасыз ететін жарық шағылыстыратын затсыз жолдың жүру бөлігінде тәуліктің қараңғы уақытында жүріп-тұруына; 8) жолдың жүру бөлігінде басқаруы кезінде түймеленген шлемсіз болуына. ❗️Есте сақтаңыз: жол қозғалысы қатысушылардың барлығы заңмен бекітілген талаптарды орындауы міндетті. Аталған талаптар орындалмаған жағдайда ауыр апаттарға алып келуі мүмкін екенін ескеріңіз.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҰЛТТЫҚ КИІМ: ЖЕРГІЛІКТІ ДИЗАЙНЕРЛЕР ТОПТАМАЛАРЫН ҰСЫНДЫ

«ҚазМұнайГаз» қазақстандық МӨЗ-дерді жекешелендіру туралы ақпаратты жоққа шығарды

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КЕҢ КӨЛЕМДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Пікір қалдырыңыз