Наурыз айының басында “Отау” тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталған болатын. Бағдарлама аясында 9 пайыздық мөлшерлемемен 19 жылға қарыз алуға болады. Алғашқы жарна баспана құнының 20 пайызынан кем болмауы тиіс.
«Отау» жұмыс істейтін жастарды, жас отбасыларды, Отбасы банкінің салымшыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарлама. Жалпы Астана, Шымкент пен Алматыда үміткерлер құны 30 млн-ға дейінгі алғашқы нарықтағы тұрғын үйден баспана ала алады. Ал, қалған өңірлерде 18 млн теңгеге, кез-келген пәтерді қарастыра береді. Алайда, қатысушы жылжымайтын мүлікті «Баспана маркет» порталынан ғана алуы шарт. Құжат қабылдау 30 сәуірге дейін жалғасады.
Аталған тұрғын үй бағдарламасы 7 жылға жоспарланған. Осы кезеңде 50 мың азамат тұрғын үймен қамтылады деп жоспарланып отыр.