4.3 C
Shymkent
26 декабря, 2024
Денсаулық

ЕЛІМІЗДЕ 550 БАЛА КӨКЖӨТЕЛ ЖҰҚТЫРДЫ

Елімізде 550 бала көкжөтел жұқтырды. Олардың 90 пайызы 5 жасқа дейінгі бала. Дерт Астана қаласы, Алматы және Павлодар облыстарында көп тіркелген. Жөтел әсіресе, түнде дендеп, баланың ыстығы көтеріледі. Шымкентте көкжөтелге байланысты ахуал қандай?

Көкжөтелдің алдын-алу жолы – вакцинаны уақытында салдыру. Нәрестеге 2, 3, 4 айында екпе салдыруға болады. Ал, 18 айында және 6 жасында ревакцинация жасалады. Бала кішкентай кезінде вакцина алса, ересек шағында бұл ауруға шалдықпайды. Ал, екпе баланы басқа аурудан да қорғайды, — дейді салаға жауаптылар. Шымшаһарда аталған дертке байланысты жағдай әзірге тұрақты. Алайда мамандар тұрғындарды кез-келген инфекциядан сақтанып жүруге шақырады.

 Жыл басынан бері анықталған жағдайларға байланысты қазіргі таңда бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Сол себепті мамандар ата-аналарға көкжөтелге қарсы екпе салдырып, ауруды асқындырып алмауға кеңес береді. Көкжөтел – көбіне балалар арасында тарайтын ауру. Әсіресе 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында жиі байқалып жатыр. Ал жөтел жұғып, дер кезінде ем-дом шаралары жасалмаса, салдары ауыр болатыны ескертілуде.

 Сонымен қатар мамандар балаларды 3 жасқа дейін адам көп шоғырланатын аймаққа апармауға кеңес береді. Себебі көкжөтелмен ауыратын науқастарды емдеуге арналған арнайы дәрі-дәрмек жоқ. Онымен күресудің жолы нәрестенің 2 айлығынан бастап, 3 және 4 айлығында екпе алу. Ал 1,5-6 жасар бүлдіршіндерге ревакцинациялау жүргізіледі. Айта кетейік, ол вакцина құрамында 6 ауруға қарсы антидене бар.

Бөлісу

Related posts

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында АИТВ/ЖИТС (ВИЧ/СПИД) жұқпасының алдын алу жұмыстары түсіндірді.

AdiletTV

Қазақ жігіті Америкада компания ашып, оны 200 миллион долларға сатты

AdiletTV

Ордабасы аудандық ауруханасының медициналық тарихы!

AdiletTV

Leave a Comment