6.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
Жаңалықтар Шымкент

БАСПАНА БАҒАСЫ ҚАНДАЙ?

Қазақстандықтар үшін үй мәселесі – қашан да өзекті. Себебі көпшілік баспанаға қол жеткізе алмай, сандалып жүр. Ақшасын жинап, басын құрағанша үй қымбаттай береді. Сондықтан кейбіреулер жалдап тұрғанға қарағанда тиімді деп ипотека алады.Ал елімізде қандай қолжетімді бағдарламалар бар?

Жыл өткен сайын қазақстандықтар үшін үй алу «алыстап, қиындап» бара жатқандай. Бұл шарықтаған бағаға да байланысты болар. Алайда, қазіргі таңда «Отбасы» банкі ел халқына қолжетімді тұрғын үй бағдарламаларын ұсынып отыр. Аз пайыздық мөлшермемен арманыңыздағы пәтерді алуға болады.

Статистикаға қарасақ, 2023 жылы жаңа баспананың құны 5,7 пайызға өссе, қайталама нарықтағы пәтерлер 3,9 пайызға төмендеген. Нарық заңына сүйенсек, сатылымда қандай тауар көбейсе, ол тауар арзандайды. Алайда үй қанша көп салынса да, арзандамай келеді. Дегенмен сарапшылар құрылыс қарқыны бәсеңдейді деп отыр. Оған себеп көп. Сарапшылар оны шешу үшін ипотеканы қолжетімді етуді ұсынады.

Маманның айтуынша, ипотека аларда алдын ала 20-30 пайызын жинаудың да маңызы зор. Сонда төлеушіге ыңғайлы болады. Алғашқы жарна ретінде үйдің 50 пайызын жинау үшін көп уақыт кетуі мүмкін. Сондықтан кем дегенде 20-30 пайыз жинаған абзал.

 

Бөлісу

Related posts

Осыдан 6 жыл бұрын жоғалып кеткен Астана тұрғыны аман-есен табылды

admin

Тоқаев білім және балалардың қауіпсіздігі туралы заңға қол қойды

admin

Қазақстанда 200 мың теңге жалақыға қандай зейнетақы төленеді?

admin

Leave a Comment