6.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
Ақпарат Түркістан

БІРНЕШЕ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Облыс орталығында бірқатар нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы нысандарды аралады. Тәуке хан даңғылында орналасқан құрылыс алаңдарында болды. Алдымен Түркістан қаласындағы “Мәдениет үйі” ғимаратының құрылыс барысымен танысты. Жаңа нысан биыл аяқталады деп күтілуде.

«Сельмаг» су жинау ғимаратын қайта құру бойынша да жұмыс жүріп жатыр. Жобаның құны – 1 651,8 млн теңге. Жобадағы 4 дана су ұңғымалары жарамсыз күйде екендігі анықталған. Осыған орай, арнайы мекемелер тарапынан барлау жұмыстары атқарылып, су қорын анықтап, 4 дана ұңғыма қазылды.  Қазіргі таңда су қоймасының бетон құю, электр жүйелерін қосу, кірпішін қалау, қоршау жұмыстары жүргізілуде. Осы жоба арқылы шаһардың жүздеген тұрғыны сапалы суға қол жеткізбек.

Киелі шаһарда Жастар ресурстық орталығының құрылысы да қарқынды. Жаңа ғимарат құрылысы маусым айында аяқталады деп жоспарланған. Жаңа нысанда демалыс аймағы, электронды кітапхана бөлмесі болады. 80 адамға арналған көпфункционалды зал мен заманауи тренажерлармен жабдықталған шағын спортзал, үйірмеге арналған залдар да қарастырылған.

Дархан Сатыбалды жауапты басшылар мен мердігерлерге жұмысты адал, сапалы әрі уақтылы атқару жөнінде тапсырма берді. Сондай -ақ жастарға арналған орталықты қажетті құрылғылармен толық жабдықтауды жүктеді.

Құрылыс жұмыстары бақылауда. Қала әкімі тарапынан Ж.Майкотов және Тәуке хан көшесі аралығына жол салу бойынша ұсыныс айтылып, жобасы таныстырылды. Бұл жолдың ұзындығы 1,47 шақырымды құрайды. Жобаны биыл іске асыру жоспарлануда. 2020 жылы жасалған жобаның жобалық сметалық құны 832,06 млн теңге болған. Түзетуден кейінгі құны қымбаттаған. Жоба қайта мемлекеттік сараптамадан өткізілуге ұсынылды.

Бөлісу

Related posts

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАСАНДЫ КӨЛДІҢ МАҢЫНДА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

admin

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНЫП ЖАТҚАН КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІНЕ ЖЕДЕЛ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

AdiletTV

2024 ЖЫЛДЫҢ І ТОҚСАНЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖАҚСАРА ТҮСТІ

Leave a Comment