19.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
Жаңалықтар Түркістан

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ИНВЕСТОРЛАРМЕН БІРҚАТАР ЖАҢА ЖОБАЛАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қытайлық инвесторлармен кездесті. Облыс әкімі көрші елдің ірі компания басшысылығымен бірге бірнеше жаңа жобаларды талқылады. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бел буған компания облыс аумағында талдау жұмыстарын жүргізіп, жобаларын пысықтайды. Сондай-ақ тараптар инфрақұрылым дамытуға инвестиция тарту мәселесін де қарастырды. Кездесуде инвесторлар облыс әкімін Қытайдағы зауыттарының жұмысымен танысуға шақырды.

Түркістан облысында жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырған шетелдік компаниялар ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі секілді салаларды дамытуда бірлесе жұмыс жаусауға дайын. Жаңа зауыт, фабрикалардың іске қосылуы өңір халқының әл ауқатын жақсарта түспек. Ең бастысы – жаңа жұмыс орындары ашылады.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде іске асырылып жатқан барлық инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы қалыптастырылған. Көптеген жобаларды іске асыру 5 жылға дейінгі кезеңдерді қамтиды. Түркістан облысында қытайлық компаниялардың қатысуымен өңіраралық кооперацияны дамытудың әлеуеті жоғары.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің негізгі инвестициялық алаңдары – индустриялық аймақтар және «Turkistan» арнайы экономикалық аймағы туралы айтып берді. Аталған алаңдар инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелерін, сондай-ақ түрлі салықтық жеңілдіктерді ұсынады.

Түркістан облысы бойынша дайын инфрақұрылымы бар 9 индустриялық аймақ орналасқан. Сонымен қатар 42 шағын өнеркәсіптік аймақтың құрылысы жүргізілуде. Биыл 9 шағын өнеркәсіптік аймақтың құрылысы аяқталады деп күтілуде.Өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысының тауар айналымы ҚХР-мен 135 млн. АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт – 84 млн. АҚШ долл., импорт – 51 млн. АҚШ долларынан асты.

 

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН КҮН

admin

Жапон ғалымы: Көктөбе телемұнарасы сейсмикалық дүмпулерге дайын емес

admin

Астанадағы жылу ақысының көтерілуі: кім кінәлі?

admin

Пікір қалдырыңыз