Жаңалықтар Шымкент

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ДАМЫТУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Сарапшыларды әлемдегі  энергия тапшылығы алаңдатады.Ендігі мәселе құрылысты кім қай өңірде жүргізеді және қауіпсіздікке кепілдік береме?

  20 жылдан бері жыр болған Атом электр станциясын салу жобасы аясында іс-шара өтті. Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі  «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықпен алдын ала қоғамдық талқылау өткізу арқылы Атом электр станциясын салу, жалпыхалықтық референдум бастамасы өтті.

 Бұл іс-шараларда экология,денсаулық,табиғи климаттық факторлардың атом электр станцияларына әсері,экономикалық факторлар,инфрақұрылымды дамыту әсері сондай-ақ басқада өзекті мәселелер талқыланып, халықпен ой пікір алмасты.Талқылауға өңір тұрғындары мен кеңес мүшелері қатысты. Айта кетейік апатттық жағдай  болу саны 0 ге тең  дейді мамандар.

 Қоғамдық талқылау барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша сұрақтарына жауап алып тарқасты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстан уақыт жағынан Мальдив пен Амстердаммен тең болады

Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев отставкаға кету туралы өтініш берді.

Туристер мен демалушыларды Шығыс Қазақстан облысының тау бөктеріне шықпауға шақырады

Пікір қалдырыңыз