1.3 C
Shymkent
24 ноября, 2024
Жаңалықтар Түркістан

ТАҒЫ БІР ЗАУЫТ АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды отандық инвесторлармен кездесіп, өңірде өндіріс зауыттарын зауыт ашу бойынша келіссөздер жүргізді. «ЕвразияТранзитГрупп» ЖШС Байқау кеңесінің құрылтайшысы және Төрағасы, «Қазмехлитпром» ЖШС-ң өкілі Серік Уалиевпен кездесуде бірқатар жаңа жобалаларды жүзеге асыру барысы талқыланды.

 

Бұл компания Түркістан облысының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін арнайы ашылған. «Қазмехлитпром» көлік-экспедиторлық қызметтер көрсетеді және Қазақстан мен ТМД елдерінің бүкіл аумағы бойынша жүк тасымалдайтын вагон-цистерналар мен вагондар ұсынады.  Жоспар жүзеге асқанда жаңа кәсіпорын 20 гектар аймақта орналасады.  Онда вагон бөлшектері, тау-кен, металлургия кешені үшін, құрылыс және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауға арналған жабдықтар мен қосалқы бөлшектер шығарылмақ.  Тараптар Түркістандағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында жаңа зауыт ашу бойынша бастаманы жан-жақты пысықтады. Отандық инвестор бұл мақсатта 20 млн АҚШ долларынан астам қаражат құюға дайын. Инвестор түркілер ордасында еңбек етуді таңдауын түсіндіріп, бұл жобаның рухани маңыздылығына тоқталды.

  Түркістан облысында инвестиция тарту,  кәсіпорындар ашу бағытында жұмыстар үздіксіз жүріп жатыр. Биыл агроөнеркәсіп, өнеркәсіп, құрылыс және туризм  және өзге де салалар бойынша ірі жобалар жоспарланған.

 

 

 

Бөлісу

Related posts

ТҮРКІСТАНҒА ТУРИСТ ТАРТУ МАҚСАТЫНДА ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ТУРИСТІК КОМПАНИЯСЫМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin

Ақтау қаласының тұрғыны жолдағы шаршаған шұңқырды «жөндеді»

admin

Алматыдағы митингіге әкімдік рұқсат берді

admin

Leave a Comment