22.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
Ақпарат Түркістан

«АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

Еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлына 100-жыл толуын мерекелеу аясында Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен Төлеби ауданы «Бәйшешек» жазғы сауықтыру легерінде «АЙБЫН-2024» облыстық әскери-патриоттық іріктеу сайысы өткізілді.

Жарыстың ашылуына Түркістан облыстық Қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев, облыстық білім басқармасы «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» өкілдері, «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі мен жергілікті соғыс ардагерлері қатыстысып жас сарбаздарға сәттілік тілеп жылы лебіздерін білдірді. Жалпы жарысқа аудан, қалалардан барлығы 17 командадан құралған 255 жасөспірім қатысты. Белтемірге тартылу, арқада жатып кеудені көтеру, әскерилендірілген кросс, арқан тарту, пневматикалық мылтық ату, АК-74-ті жартылай шашу мен жинау, жамылғы түріндегі жалпы әскери қорғаныс киімін кию сынды жарыс түрлерінен жастар бақ сынады.«Айбын» облыстық әскери-патриоттық жастар жиынының қорытынды бойынша  І орын – Арыс командасына бұйырса, ІІ орынды – Кентаулықтар жеңіп алды, ал үздік үштікті Түлкібас ауданының құрамасы тұрақтады.Жарыс жеңімпаздарына дипломдар мен медальдар табысталды. Жарыс жеңімпаздары маусым айында Құрлық әскерлерінің әскери институтының базасында өткізілетін халықаралық кезеңге жол тартады.

 

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТТАР САНЫ АРТАДЫ

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША ТҮРКИЯНЫҢ АТАҚТЫ КОМПАНИЯСЫМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

AdiletTV

ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕП, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ БАР

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз