22.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
Ақпарат Түркістан

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУДІ ЖҮКТЕДІ

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды штаб мүшелерімен бірге Арыс қаласына барып, аса қауіпті үйірлі шегірткенің марокколық түрімен күрес жұмыстарының барысымен танысты. Өңделген аумақтарды аралап, мамандармен биологиялық тиімділікті бақылаған әкім жауапты мердігерлер мен Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің және Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысылығымен кездесті.

Облыс әкімі бірер күн бұрын басталған химиялық өңдеу жұмыстары бойынша жауаптылардың жұмысын сынға алды. Қазіргі ахуалға алаңдаған аймақ басшысы жауаптыларға қосымша талап қойды. Оларға жауапкершілігін арттыруды ескертті.

Облыс әкімі болжамшылардың мәліметімен өткен жылмен салыстырғанда биылғы таралу аймағының бірнеше есе ұлғайып, 270 мың гектардан асқанын айтты. Тиісінше, шығын да өскен. Аймақ басшысы келер жылы оның көлемін 3 есе азайту бойынша жұмыс жүргізу керектігін ескертті. Ал өңірде қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында, химиялық өңдеу жұмыстарын 25 күнде аяқтау жоспарланған. Облыс әкімі бұл жұмыстарды ширатып, 10 күнде аяқтауды міндеттеді.

Түркістан облысы марокко шегірткесі көп таралған өңір болып табылады. Атап айтқанда, негізгі ошақтары Арыс, Сарыағаш, Келес аудандары болып табылса, соңғы жылдары Бәйдібек, Ордабасы, Қазығұрт, Төлеби, Сауран, Шардара және Отырар аудандарында да кездесуде. Күрес жұмыстары жер үсті желдеткіш бүріккіш техникаларымен, әуемен,аспалы бүрікішпен және ұшқышсыз ұшу аппаратымен өңделеді.Түркістан облысы аумағында қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында, 2024 жылдың қаңтарында облыс әкімінің өкімімен «Аса қауіпті зиянды организмдермен күресу үшін ұйымдастыру және үйлестіру»жұмыстарын жүргізетін штаб құрылып, құрамына облыс әкімінің орынбасары, жауапты сала басшылары мен аудан, қала әкімдері енгізілген.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАНДЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР БЕЙЖІҢ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

admin

ПОЛИЦЕЙЛЕР ДРОННЫҢ КӨМЕГІМЕН ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУШЫЛАРДЫ АНЫҚТАЙ БАСТАДЫ

AdiletTV

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз