24.3 C
Shymkent
14 октября, 2025
Әлем жаңалықтары Жаңалықтар

ЕЛДЕ СЕЛ ЖҮРДІ

Түркияның бірнеше қаласында нөсер жауын жауып, алапат дауыл соқты. Ыстанбұл мен Чанаккале қалаларында кешеден бері тоқтаусыз жауып тұрған жаңбырдың кесірінен кей көшелерді су басып, топырақ көшкіні болды. Ыстанбұлда топырақ басып қалу қаупі бар 30 үйден 100-ден аса тұрғын шығарылып, қонақ үйлерге орналастырылды.

Сондай-ақ, бір метро станциясын су басып, жолаушылар қауіпсіз жерге көшірілді. Анкара мен Кония қалаларында да қатты дауыл соғып, бірқатар ғимараттың шатырлары ұшқан. Сұрапыл желден құлаған ағаштар көліктерді басып қалды. Ал Чанкыры қаласында бір мешіттің мұнарасы қатты желге шыдас бермей опырылып түсті. Абырой болғанда мұнара адамдардың емес, ғимараттың үстіне құлаған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

7 наурыз күні таңертең Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

admin

Макрон НАТО әскерін Украинаға жіберу туралы сөзіне түсініктеме берді

admin

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысының уақыты белгілі болды

admin

Пікір қалдырыңыз