Әлем жаңалықтары

ЕЛДЕ СЕЛ ЖҮРДІ

Түркияның бірнеше қаласында нөсер жауын жауып, алапат дауыл соқты. Ыстанбұл мен Чанаккале қалаларында кешеден бері тоқтаусыз жауып тұрған жаңбырдың кесірінен кей көшелерді су басып, топырақ көшкіні болды. Ыстанбұлда топырақ басып қалу қаупі бар 30 үйден 100-ден аса тұрғын шығарылып, қонақ үйлерге орналастырылды.

Сондай-ақ, бір метро станциясын су басып, жолаушылар қауіпсіз жерге көшірілді. Анкара мен Кония қалаларында да қатты дауыл соғып, бірқатар ғимараттың шатырлары ұшқан. Сұрапыл желден құлаған ағаштар көліктерді басып қалды. Ал Чанкыры қаласында бір мешіттің мұнарасы қатты желге шыдас бермей опырылып түсті. Абырой болғанда мұнара адамдардың емес, ғимараттың үстіне құлаған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шольц Крым көпіріндегі зымыран соққысы туралы неміс әскерилері арасындағы әңгіменің таралуына түсініктеме берді.

8 түркиялық компания Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестиция салмақ

AdiletTV

Германияда қарулы адам ауруханада адамдарды кепілге алды

Пікір қалдырыңыз