22.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
Ақпарат

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАУ АЛДЫ

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы бастау алды. Шымкент қаласының Қаратау ауданының әкімдігінің бастамасымен аудандағы қызметкерлер эко-акцияға атсалысып аталмыш шараға белсенділік танытты.

«Жасыл аймақ» апталығына жастар мен мекемелер ұжымдары ғана емес, зейнет жасындағы ардагерлер мен театр мамандары да сенбілікке келгенін айтты. Олар көшелерді, балалар алаңшаларын, аулаларды және басқа да қоғамдық орындарды абаттандыру барысында ағаш түптерін әктеу жұмыстарын жүргізді. Бірнеше ұйым мен мекеме өкілдері техниканың күшімен  ауданның аумақтарын қоқыстардан тазартты.

Таза Қазақстан акциясы қарқынды жүргізілуде. Акцияның бұл аптасы Жасыл аймақ деп аталады. Аталмыш шараға қатысуға ниет білдіргендердің саны күн санап артып келеді. Сондай-ақ бүгінгі шараға тұрғындар да қатысып өздері тұратын аймақтың тазалық жұмыстарына белсенділік танытты.

 Акцияға жастар да қатысты. Бүгінгі шараға келгендер колледждің белсенді студенттері мен ерікті жастардан құралған топ. Салаға жауаптылардың мәліметінше бүгінде жастар мұндай іс-шараларға өздері ниет білдіріп қатысуда.

 Аталмыш шарадан қалалық опера және балет театрының мамандары да қалыс қалмады. Олар ұжым болып осы сынды акцияларға белсенді қатысатын мәлімдеді. Сондай-ақ акцияның қоғам үшін де маңызды екенін атап өтті.

Айта кетейік Таза Қазақстан акциясы 11 мамырға дейін жалғасады. Экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді. Осы аптада көшеттер отырғызылып, ағаштардың түбі әктеледі. Ал, «Өнегелі ұрпақ» дейтін төртінші аптада ардагерлер сарайы мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазарту көзделген. Соңғы бесінші аптада өзен-бұлақтардың арнасы қоқыстан тазартылады деп жоспарл

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В Шубарсу открылся новый сектор ЦОН

AdiletTV

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

AdiletTV

АЭС-тің көмірқышқыл газы ауаны ластамайды — шетел сарапшылары

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз