5.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
Ақпарат Жаңалықтар қоғам Түркістан

2024 ЖЫЛДЫҢ І ТОҚСАНЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖАҚСАРА ТҮСТІ

Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша аудан, қалалардың 2024 жылдың І тоқсанындағы рейтингі шығарылды. Бұл ретте түрлі саладағы индикаторлар есептеліп, қорытындысы баяндалды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды көш соңында қалған аудан, қала әкімдеріне ескерту жасап, жұмысты үйлестіруді, жандандыруды тапсырды.

Биылғы І тоқсанда облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім бар. Көрсеткіштер жақсарған. Бірақ жекелеген аудан, қалаларда бірқатар индикатордың орындалуы төмен деңгейде болды. Өнеркәсіп пен өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемінің нақты көлемі индексі Мақтаарал, Шардара, Отырар, Сауран және Сарыағаш аудандарында орындалмаған. Негізгі капиталға тартылған инвестицияның нақты көлем индексі Отырар, Кентау, Мақтаарал мен Жетісайда төмендеу орындалып отыр. Осы секілді бірқатар көрсеткіштер бойынша жоспарларды орындамаған аудан, қалалар бар.

Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі салаларында оң динамика сақталды. Жалпы рейтингте 37 индикатор жоспарланған

Құрылыс жұмыстары көлемінің жоспары 31,5 млрд. теңге болса, нақты 36,7 млрд. теңгені құрап, жоспарға қол жеткізілді. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер жоспары 120,1 мың шаршы метр болса, нақты 150,3 мың шаршы метр үй пайдалануға тапсырылған. Ішкі туристер саның ұлғайту мақсатында І тоқсанға 45 490 адамға жеткізу жоспарланған, орындалуы 46 683 адамды құрап аудан, қалаларда межеленген жоспар толығымен орындалған.

Бөлісу

Related posts

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай елге оралды

AdiletTV

Туристер мен демалушыларды Шығыс Қазақстан облысының тау бөктеріне шықпауға шақырады

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕСКЕКШІЛЕРІ 34 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ