3.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
Ақпарат Жаңалықтар

ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ АЩЫСАЙ АУЫЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласы, Ащысай ауылына барды. Жергілікті тұрғындармен, қоғам белсенділдерімен кездесіп, ауылды дамыту мәселесін талқылады. Бүгінде ауылда 1 мектепке дейінгі мекеме, 2 мектеп, 1 Мәдениет үйі, 1 кітапхана, 2 спорт алаңшасы, 1 почта байланыс бөлімшесі бар.

Облыс әкімі Мәдениет үйінде болып, жай-күйімен танысты. Жергілікті тұрғындардың ұсыныстарын тыңдады. Тұрғындар ауылға газ тарту, жол салу, туризмді дамыту мәселелерін көтерді. Мәдениет үйін жөндеуден өткізу жөнінде өтініш айтылды. Сонымен бірге балалар лагерін ашу, демалыс орындарын көбейту, инфрақұрылымды жақсарту туралы ойлар қозғалды.

Одан кейін «Ащысай» дәрігерлік амбулаториясы мен «Сәуле» балабақшасына барды. Ауылдағы әлеуметтік нысандардың жай-күйі сараланды. Дархан Сатыбалды «Ащысай» түсті металл комбинатының Ащысай руднигіне қарасты металлургиялық цехының қалдықтар қоймасы мен ауыл шетіндегі өндірістік шахтаға да барып, қазіргі жағдайымен танысты. Өндіріс орындарын ашу бағытындағы ойлар айтылып, ұсыныстар тыңдалды.

  Кезінде өндірісімен танылған Ащысай ауылында қазір 2 мыңға жуық тұрғын бар. Ауылда жалпы 15,12 шақырым жол болса, оның 11,7 шақырымына асфальт төселген. Тұрғын үйлер саны 336 болса, мемлекеттік мекеме ғимараттары – 13. Ал жеке кәсіпкерлер ғимараттарының саны – 5. Ауыл электрмен, ауыз сумен қамтылған. Ащыбұлақтың тау-кен өндірісі мүмкіндігін зерттеу, қазбаларды кәдеге жарату бойынша жауапты министрлікке ұсынысхат жолданған.

 

Бөлісу

Related posts

Бауырларымызға жаңа табыстар тілейміз — Шавкат Мирзиёев

AdiletTV

Елімізде биыл көкжөтелден екінші бала көз жұмды

AdiletTV

«Еуропа мен Азия арасындағы байланыс кабельдері кесілді». Instagram мен Facebook желісіндегі сәтсіздіктің себебі белгілі болды

admin

Leave a Comment