Астана қаласы әкімдігінің Астана жастар театры шырайлы қаламызда 19-24 сәуір аралығында қойылым қойып,алдағы жоспарлары мен бөлісе кетті. Жастар театырының қойылымға дайындықтарымен қаламыздан алған әсері қандай?
Көктемде гастролдік сапарды дәстүрге айналдырған Жастар театры Шымқаламызға келіп, қойылымдарын сыйға тартты. Бұл гастрольдік сапар 6 күнге созылды. 19 сәуір «Таптым,ғашық болдым,жоғалттым» атты спектальімен бастау алса, 24 сәуір Пранк махаббат атты спектаклімен жабылу салтанаты өтті.
Сарыарқаның төсінде орналасқан Елордамыздың Астана қаласы әкімдігі Жастар театрының шымылдығы 2007 жылы шілде де ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ пен ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ «Шыңғыс хан» спектакль мен ашылған.Жастар театры сан қырлылығымен қазақ театр өнерінде, өзінің орнын ала алған өнер ордаларының бірі. Өнердің үлкен даңғылына шыққан жас театр негізін қалаушы бір топ қыз жігіттер Дәурен Серғазин,Әділ Ахметов, Азамат Есқұлов,Бақыт Қаджыбаев,Мадина Май,Жандаулет Батай мен Айнур Рахипова қазір театардың аға буын өкілдері болып саналады.
Айта кетейік Мамыр айының басында Түркия елінің Трабзон қаласына, Қара теңіз елдері театр фестивальіне «Таптым Ғашық болдым Жоғалттым» атты мюзиклімен сахналық қойлым қоятын болады.