8.3 C
Shymkent
23 ноября, 2024
Ақпарат Әлем жаңалықтары

СУ ТАСҚЫНЫНАН МЕМЛЕКЕТКЕ МИЛЛИОНДАҒАН ДОЛЛАР ШЫҒЫН КЕЛГЕН

Қытайдың Гуандун провинциясын жайлаған алапат су тасқынынан миллиондаған доллар шығын келген. Табиғи апатқа байланысты Шэньчжен қаласында қызыл түсті қауіп деңгейі жарияланды. Құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Су басқан ауданда қалып қойған мыңдаған адамды көшіруге күш жұмылдырылған.

Гуандун провинциясының тұрғындары осыншама күшті су тасқынына соңғы 50 жылда алғаш рет куә болып отыр. Бұл аймақта дамылсыз жауын жауып, кейін өзендер арнасынан асты. Провинция аумағында 110 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, су апатынан 4 адам қаза тауып, 11 тұрғын жоғалып кеткен. 40 мыңдай адам су басқан аудандардан кете алмай жатыр.

Бөлісу

Related posts

ЕЛДЕ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ

AdiletTV

БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫ ЖАҢА СЕРУЕН АЙМАҒЫНА АЙНАЛАДЫ

AdiletTV

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ ӘРІПТЕСТЕРІН АТЫП ӨЛТІРДІ

AdiletTV

Leave a Comment