Таза Қазақстан Республикалық акциясы «Жасыл аймақ» атты апталығымен өз жалғасын табуда. 23 сәуір күні Абай ауданы әкімдігі және Шымкент қалалық мәдениет үйі ұжымы Шымсити шағын ауданындағы көшелерге ағаш отырғызып,тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жасыл желектерді күтіп ұстау ,шөп ору,көшет отырғызу және тазалық жұмыстарын жүргізді.Аудан аумағында сенбілік ұйымдастырылып экологиялық іс шараға аудан тұрғындары,300 ден асам адам,70 кәсіпкер қатысты.
Атап айтсақ шымсити,асар,тұран шағын аудандарындағы көпқабатты үйлер аулаларындағы және темірлан тас жолы,барыс базар,әуежай аумағы мен ақмешіт аумақтарында шөп орылып тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс шарада ағаштарды санитарлық қырқу,жасыл желектерді ретке келтіру,шөп ору,сырлау,жуу жұмыстары жүргізді. 15 техника жұмылдырып,100 көшет отырғызып,20 тонна қоқыс шығарылды.