Жаңалықтар

Оқушы қызды зорлау оқиғасы: Ауыл полиция бақылауына алынды

Түркістан облысында жасөспірім 9-сынып оқушысын зорлады деген ақпарат тараған еді. Төлеби ауданы, Зағамбар ауылының тұрғындарының айтуынша, 23 сәуірде кешкі сағат 19:00 шамасында ауылға бір сәтте шамамен 200-дей тәртіп сақшысы келген.

Мұны ауыл тұрғындары тексеріс деп қабылдаған екен. Алайда 24 сәуірде түнгі сағат 2:00-де ауылдағы бірнеше үйдің қора-қопсысы мен көліктері өртеніпті. Тұрғындардың айтуынша, қыздың зорланған-зорланбағаны әзірге белгісіз.Ол сот медициналық сараптамадан соң белгілі болады дейді.

Дегенмен оқушы іші ауырып, ауруханаға барған соң жүкті екенін білген екен. Полицияның хабарлауынша, оқиғаға қатысты тергеу басталып, екі жақтың ата-анасы полиция бөліміне барған. Күдікке ілінген жасөспірім де уақытша ұстау изоляторына қамалыпты. Ал ауылдастарының қорасы мен көлігін өртеген оқиғаға қатысты 16 жігіт ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Екі көлік су астына кеткен». Халық қалаға апатты көпірмен қатынап жүр

admin

Қыстан кейін сапасыз жөнделген жолдар «қалқып шығады» — Астана әкімі

admin

«Біз кетпейміз» Байденнің Путинге қарапайым хабары бар

admin

Пікір қалдырыңыз