5.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
adilettv

ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПАНИЯЛАР ҚАЗАҚСТАНҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА ДАЙЫН

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында қытайлық делегация мен жергілікті кәсіпкерлердің В2В форматында кездесуі өтті. Жиын барысында екіжақты диалог құрылып кәсіпкерлер арасында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Қытайлық компаниялар елімізге инвестиция салуға дайын екенін жеткізді.

Қытай делегациясының құрамында орама, электрмобильдер мен электроскутер шығару, жел және күн энергиясын өндіру салаларының өкілдері бар. Олар Қазақстанға бірқатар салалар бойынша инвестиция құрып екіжақты бірлесіп жұмыс жасауға ниет білдіріп отыр. Маңызды жиынның мақсаты да сол екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту, мегаполистегі кәсіпкерлерге қолдау көрсету дейді ұйымдастырушылар.

Қытайлық бірнеше жылдық тәжірибесі бар компаниялар жиналған отырыс барысында Жаңа электр энергетика бағыты бойынша бірлесіп жұмыс жасауға қызығушылық танытып отырған компания өкілдері Қазақстан инвестиция құю үшін қолайлы мемлекет екенін атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта аталған бағыттар бойынша нарықты зерттеу керектігін мәлімдеді. Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында бірнеше жобаларды ұсынды.

Жиын соңында екі мемлекет өкілдері В2В форматында диалог құрып екіжақты серіктестікті нығайтуға байланысты бірқатар мәселелерді ортаға салды. Айта кетейік Қытай тарапы Шымкенттік мамандармен бірігіп жұмыс жасауға қызығушылық танытып отырғанын айтты.

Бөлісу

Related posts

Мұғалімдер жеті жастағы оқушыны ата-анасына ескертпей гинекологқа апарған

город Шымкент: полицейские провели мероприятие по профилактике бытового насилия

AdiletTV

Шымкент қаласы: «Мен Сіздің учаскелік полиция инспекторыңызбын» акциясы өткізілуде

AdiletTV

Leave a Comment