1.3 C
Shymkent
25 ноября, 2024
Жаңалықтар

ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес өңірде жібек кластері пилоттық жоба ретінде дамиды. Жетісай ауданында тұт өсіру арқылы жібек құртын өндіру ісі қолға алынып, өткен жылы көршілес Өзбекстан елінің Әндіжан қаласынан әкелінген жапондық «Ашима» сортының алғашқы 10 мың данасы егілген болатын. Биыл да бұл жұмыс жалғасын тауып, жібек кластерін дамыту мақсатында тұт ағашатарын отырғызуға болатын ауданның теңгеріміндегі 31,8 гектар жер қарастырылып отыр.

Жібек – жібек құртының пілләсынан өндіріліп, тоқыма-мата өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи талшық. Оны өндіру – аудан экономикасын ары қарай дамытуға мол септігін тигізеді. Жібек өндірісін дамытуға қызығушылық білдірген 6 кәсіпкер анықталып, қолдағы 52 гектар жердің бүгінгі таңда 25 гектар жеріне «Шапағат Нұры-2» шаруа қожалығы тұт ағашының «Мархаба 2017» сортынан 250 мың түп көшет отырғызуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданына жасаған іс-сапары барысында шаруа қожалығында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, жауаптыларға тапсырма берді. Биыл жоспар бойынша Жетісай ауданында 400 га жерге тұт өсірілмек. Алда тоқыма өндірісін дамыту көзделген. «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды жүзеге асыруға «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығынан 100 млн теңге несие алынған. Айта кетейік, бұған дейін де отандық және Өзбекстан елінен шақырылған тұт шаруашылығы мамандары жергілікті шаруалармен бірнеше рет кездесулер мен семинар-кеңестер өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуінің нәтижесінде Жетісай ауданында жібек кластерін дамытуға арналған жалпы жер қоры 83,8 гектарға жеткен.

Бөлісу

Related posts

Ақтау сауда орталығындағы эскалаторда бала саусағынан айырылып қалды

admin

Макрон Украинаны «өте тез» жеңу қаупі туралы мәлімдеді — БАҚ

admin

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Leave a Comment