5.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
Ақпарат

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНЫҢ КҮН ТӘРТІБІ ӨТТІ

Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.Отырысты Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төреағасы Бауыржан Ілімшеұлы жүргізді.

Шымкент қаласы бюджетінің 2023 жылғы кірістерінің орындалуы мен шығыстарының игерілуі туралы, қаржы басқармасының басшысы Руслан Бақтыбаев баяндады.2023 жылы қала бюджеті 4 рет нақтыланып,12 рет түзетулер енгізілген яғни бекітілген бюджет 533 млрд теңге болса нақтыланған бюджет 651 млрд теңгені құрап, жыл басынан 118 млрд теңгеге ,22 пайызға артқан.

 Сонымен қатар қала тұрғындарын сапалы қоғамдық көлік қызметімен қамту, қаладағы жол құрылысы мәселелерін талқылауда, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов баяндады.Төлем электрондық билет жүйесіне шағымдардың артуына байланысты, басқарма мен «смарт мобиль» ЖШС арасында жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін ұйымдастыру бойынша ынтымастық туралы келісімге қол қойылған.Қазіргі таңда «Shymkent bus» ЖШС автобустарына валидатор планшеттер орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 Айта кетейік Шымкент қаласы тұрғындарын баспана мен қамту шаралары туралы және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, нәтижелі жұмыстар бойынша да баяндама жасалды. Отырыста кеңес мүшелері өз тараптарынан тиісті ұсыныстарды енгізіп, қоғамдық бақылауға алатындықтарын жеткізді.

Бөлісу

Related posts

Алматыда қызды пышақпен қорқытып зорлаған бар күзетшісі сотталды

AdiletTV

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАУ АЛДЫ

БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫ ЖАҢА СЕРУЕН АЙМАҒЫНА АЙНАЛАДЫ

AdiletTV

Leave a Comment