Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚР Президент Іс басқарамасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цоймен кездесті.Онда өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттыру және денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша бірқатар мәселелерді талқылады. Орталық басшысы жергілікті дәрігерлердің біліктілігіне жоғары баға берді.
Кездесу нәтижесінде Түркістан облысының әкімдігі мен Медициналық орталық арасында өзара Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім аймақ тұрғындарына дәрігерлердің кеңестерін, санаторий-курорттық емдеу және медициналық оңалту қызметтерін алуға мүмкіндік бермек.
«Президент Іс басқарамасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері» 23-26 сәуір аралығында өтті. Медициналық орталықтың үздік мамандары аймақтың емдеу мекемелерінде шеберлік сабақтарын өткізіп, халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операцияларды жасаған. Екі күн ішінде бірнеше сала бойынша 200-ден астам тегін кеңес берді. Сондай-ақ бұрын-соңды болмаған 13 күрделі операцияны сәтті аяқтады. 400-ден астам тыңдаушының қатысуымен аймақ дәрігерлеріне арналған 28 презентация мен шеберлік сабақ өткізді
Айта кету керек қазақстан өңірлерінде өткізілетін іс-шараларды облыс әкімдіктері мен денсаулық сақтау басқармаларының қолдауымен ҚР Президентінің іс басқармасы Медициналық орталығы ұйымдастырды. Биыл Қазақстанның басқа өңірлерінде де осындай іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.