6.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
Ақпарат Саясат Шымкент

ҚХА СЕССИЯСЫНДА ҚАНДАЙ ТАҚЫРЫПТАР ҚАМТЫЛДЫ?

 Мемлекет басшысының қатысуымен өткен сессияға шымқалалық делегаттар да қатысты.

Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажет. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессия отырысында осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тұста Ұлттық құрылтайда жалпыға ортақ құндылықтар айқындалғанын атап өтті. Оның бәрі саясат пен экономикадан бастап, білім мен мәдениетке дейінгі барлық салада бағыт-бағдар болады. Ассамблея жұмысына арқау болып отырған қағидалар осы құндылықтармен толық үндеседі, – деді Президент.

  Қазақстанның кез келген азаматы әлемнің қай түкпірінде жүрсе де, біздің мемлекеттің қорғауында болады. Біз ешқашан өз азаматтарымызды тағдыр тәлкегінде қалдырмаймыз. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі отырыста осылай деді. Мемлекет басшысы 2021 жылы Ауғанстандағы, 2023 жылы Газа секторындағы ахуал күрт шиеленіскенде азаматтарымызды ол жақтан шұғыл шығарып әкелгенімізді тағы бір атап айтты.

 

Бөлісу

Related posts

Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті Ақордада қарсы алды

AdiletTV

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша өтінім қабылдау басталады

ЖАҢАРУ КҮНІНДЕ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА КӨШЕТ ЕГУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Leave a Comment