Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Алқа отырысы өтті. Оған аймақтың белсенді жастары қатысып, өңірдің дамуына үлес қосар ұтымды ұсыныстар, бастамаларды көтерді. Жиын барысында басқарма тарапынан жасалынған бірқатар жұмыстар мен жаңа жобалар таныстырылып, 2023 жылдың қорытындысы 2024 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы баяндалды.
Мінберде бірінші болып сөз алған ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Бахтияр Өнербаев басқарманың атқарған жұмыстарын таныстырып өтті. Сондай-ақ жастар саясатын жүзеге асыруда мемлекеттік бағдарламаларды тиімді қолдану қажеттігін атап өтіп, бұл орайда жастардың әлеуеті жоғары екенін тілге тиек етті.
Жас азаматтардың шыңдалып, кемел дамуын айқындайтын маңызды жобалар да Кеңес отырысында ашық талқылауға түсті. Талқылау барысында жастардың жан-жақты дамып, шыңдалуына жағдай жасау жолында ауыл жастарына, NEET санатындағы жастарға да көңіл бөлу маңызды екені де сөз болды. Ағымдағы жылы жастармен бірлесіп, көптеген жобалар іске асырылатыны да талқыланды.
Маңызды талқылаудан қалалық мәслихаттың депутаттары да қалыс қалмады. Қоғамдағы өзекті мәселелерді ортаға салып, бірқатар тақырыптарды қозғады.
Мемлекет басшысы жастар саясаты жас азаматтармен бірлесе іске асырылуы керек екенін баса айтқан. Жиынға қатысқан қауым жастар саясатының күн тәртібін қалыптастырып, оны іске асыруда жас азаматтардың рөлі зор екеніне бір ауыздан келісті. Ал қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жастар секторын дамытудың маңыздылығын да назардан тыс қалдырмады.