20.3 C
Shymkent
17 сентября, 2024
Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ОБЛЫС ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУДЕ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудан, қала тұрғындарымен кездесуі жоспарға сай өтіп жатыр. Бұл жолғы халықпен кездесу Жетісай ауданында өтті. Тұрғындармен басқосуда аймақ басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Жетісай ауданын дамыту бағытындағы жұмыстар туралы айтты.

Өз баяндамасында облыс әкімі Жетісай ауданының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2020 жылдан бері 1,6 есеге өсіп, былтыр 174 млрд.теңгеге жетті. Биыл 3 айда бұл көрсеткіш 18,7 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға өскен.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 38 пайызға өсіп, 2023 жылы 20 мыңнан асқан. Олардың өндірген өнім көлемі 146 млрд.теңгені құрады. Жиында аудан әкімі Серік Мамытовтың ауданда 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

Еркін форматта өткен кездесуде тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ашық айтты. Атап айтқанда, кездесуде жетісайлықтар инфрақұрылым жүйелерін реттеу, баспана алу, кәсіпкерлік қолдау, субсидия, жер телімі және өзге де мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.Дархан Сатыбалды сұрақтарға жауап беріп, тиісті басшыларға көтерілген мәселелерді заң аясында шешуді тапсырды.Кездесу соңында ауданға инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу, тұрғын үй және ағын су мәселелерін шешу бойынша да нақты тапсырмалар міндеттелді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘКІМДЕР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫСҚА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ

admin

Жерар Депардье жыныстық зорлық жасады деген айыппен қамауға алынды

AdiletTV

S&P Қазақстанның тәуелсіз несие рейтингін растады

Пікір қалдырыңыз