0.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
Ақпарат Шымкент

«ДӘСТҮР ЖӘНЕ ЗАҢ:ҚЫЗ ҰРЛАУҒА ЖОЛ БЕРМЕУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

Қала прокуратурасы «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» және «Дәстүр және заң:қызды ұрлауға жол бермеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері отбасындағы моральдік және этикалық құндылықтардың сақталуы жастардың болашағына зор әсер ететінін де айта өтті.

Іс шараға қылмыстық қудалау мен жергілікті уәкілетті органдарынан бөлек,қала белсенділері,ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер,мәдениетпен дін саласындағы қызметкерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және ҚР Адам мен бала құқықтары жөніндегі Уәкілдердің жергілікті өкілдері қатысты.Қаламызда биыл қалыңдықтың келісімінсіз үйлену мақсатында қызды алып қашқан 1 адам сотпен кінәлі деп танылып, үкіммен 4 жылға бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаға тартылғанын айтты.

Қоғам белсенділері мен мәдениет қайраткерлері балаларға қамқорлық жасау,баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу, бұл мемлекеттің ғана емес, жекеленген әр азаматтың міндеті екенін айтып,тәртіппен мәдениетті қалыптастыру арқылы, мейірімі мол және қайырымды ұрпақ тәрбиелеуге алып келетінін түсіндірді.Іс шараға қатысушылар құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысты бірқатар өздерінің ұсыныстарын айтып, халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын күшейтуге ат салысатынын атап өтті.

Бөлісу

Related posts

ЖАСЫЛ АЙМАҚ АПТАЛЫҒЫНДА МАЗАРАТ МАҢЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

AdiletTV

Коммуналдық қызмет көрсету шартын онлайн режимінде жасауға болады

AdiletTV

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы

AdiletTV

Leave a Comment