Ақпарат Қылмыс Түркістан

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕР АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Түркістанда полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамның өмірін сақтап қалды. Түркістан қалалық полиция басқармасының “102” тетігіне таңғы сағат 06:30 шамасында С.Ерубаев даңғылының бойында белгісіз ер адамның әйнекпен өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Аталған хабарлама бойынша тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, істің мән-жайын анықтауға тырысты. Оқиға орнына жеткен полицейлер қолында тасы мен әйнекке мойнын тосып, жақындаса өзіне қол салатынын айтып қорқытқан ер адамды көріп, райынан қайтару үшін оны әңгіме тартты. Яғни оны қауіпті қадам жасамауға үгіттеп, көндіре бастады. Алайда өзін жөнсіз ұстаған ер адам ашуға булығып, қарсыласа бастады. Осы сәтте полицейлер ер адамды сөзге айналдырып тұрып, оған байқатпай, артқы жағынан келген екінші қызметкер жылдамдықпен ұстап қалды. Белгілі болғандай, 34 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғын қатты мас болған және өз әрекетінің себебін нақты түсіндіре алмады. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу

Related posts

ЕЛДЕ СУ ТАСҚЫНЫНАН ҚАЗА ТАПҚАНДАР САНЫ 315-КЕ ЖЕТТІ

AdiletTV

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУЛАР МЕН БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЗАМАНАУИ ҚҰС ФАБРИКАСЫ АШЫЛДЫ

admin

Leave a Comment