20.3 C
Shymkent
17 сентября, 2024
Ақпарат Білім Шымкент

БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Шымкент қаласы білім басқармасының алқа мәжілісі кеңейтілген нысанда өтті. Аталған отырысқа қала әкімінің білім саласына жетекшілік ететін орынбасары Сәрсен Абайұлы арнайы қатысты.Онда 2023 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен 2024 ж арналған міндеттер пысықталды.

Аталған мәжілісте күн тәртібіндегі екі сұрақ қаралды. Бірі басқарманың 2023 жыл мен 2024 жылдың I-тоқсанында атқарылған жұмыстардың және қаладағы мемлекеттік мектептерде жүргізілген кешенді мониторинг қорытындылары туралы болса енді бірі,кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, суицидтің және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері болды. Ол туралы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шамшиева сөз алып баяндама жасады.

Алқа мәжілісіне қала әкімдігінің басқарма басшылары, қауіпсіздік жағдайларын талқылау мақсатында құқық қорғау органдарының өкілдері, ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті, экономикалық тергеу департаменті және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, ішкі саясат, мәдениет, спорт, дін істері, денсаулық сақтау басқармалары, қалалық Ардагерлер кеңесі, ардагер ұстаздар, білім бөлімдері мен білім мекемелерінің басшылары,үкіметтік емес ұйымдар қатысты.Маңызды талқылаудың кезекті баяндамасын шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Тұрдыбайқызы мәлімдеме жасады.Айтуынша ағымдағы жылы 3 айдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасында 19 құқық бұзушылық орын алған. 9-ы түркістан облысының аудандарына қарасты оқу орындарының оқушылары, 2 қылмыс мектеп бітіргендер,5 қылмыс колледж студенттері жасаса 3 қылмысты мектеп оқушыларының қатысуымен жасаған.

Жиын барысында шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы атқарылған жұмыстар бойынша білім бөлімдерінің басшыларына бірқатар сұрақтар қойып, кемшіліктердің алдын-алу,жұмысты жүйелі жүргізу

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»АПТАЛЫҒЫ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

AdiletTV

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ

Жамбыл облысында 42 ауылды су басуы мүмкін

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз